• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Шілде, 2021

Вакцина алмаған кейбір қызметкерлердің жұмысы шектеледі

657 рет
көрсетілді

15 шілдеге дейін вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа шығуы шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Кейбір сала қызметкерлері 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндеттеліп отыр. 15 шілдеге дейін азаматтар бірінші компонентпен, ал 15 тамызға дейін – вакцинаның екінші компонентімен егілуі тиіс. Вакцина алмаған азаматтардың жұмысқа шығуы шектеледі.Ал вакцинация алмаған қызметкерлер 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР-тестілеуден өтуі керек. Жаңа қаулы 2 шілдеден бастап күшіне енеді.