Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы қаулыда қоғамдық тамақтану орындарына қатысты бірқатар шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (үй-жайда), мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы бойынша 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін қысқарды. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынды.
Ашық ауада отыратын орындарының саны 30-дан асырмай (жазғы залдарда) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
«Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері үшін жұмыс және демалыс күндері үй-жай ішінде сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін және ашық ауада (жазғы залдарда) сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленген.