• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Шілде, 2021

Оралда су құбыры жарылды

171 рет
көрсетілді

Орал қаласында құбыр жарылып, салдарынан 350-ге жуық абонент сусыз қалды, деп жазады Egemen.kz.

«Батыс су арнасы» ЖШС мәлім еткеніндей, 30 маусым күні сағат 20:00-де Ш.Айталиев пен Алматы көшелерінің қиылысында су құбыры жарылған. Құдықтар мен жеке тұрғын үйлердің аулаларында су сору жұмыстары жүргізілді.

«Қазіргі таңда 350-ге жуық абонент сусыз қалып отыр. Тұрғындарға су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Шамамен 1 шілде күні сағат 22:00-ге дейін жүргізілетін өндеу жұмыстарына апаттық техника, экскаватор, вакуумдық машина, МТЗ-82 базасында сорғы тартылған», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.