ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирус пен коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 27 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 76 дерегі және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырды – 57189 адам, қайтыс болды – 993, жазылып шықты 52414 адам.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, 30 маусымда ел өңірлерінде коронавирустан 24 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыз бен 2021 жылдың 1 шілдесі аралығында коронавирус 428 163 адамнан анықталды, қайтыс болды - 4399 науқас. Осы кезеңде коронавирус пневмониясын 57 189 адам жұқтырды. Қайтыс болды - 3452 науқас.