Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!», деп жазды Президент twitter-де.