ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде короновирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын 3 502 814 адам алған. Ал толыққанды вакцина алған адам саны - 2 085 919.
Екпе алушылар саны бойынша Алматы қаласы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.