• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2021

Солтүстік Қазақстанның 18 ауылына ауыз су жетті

515 рет
көрсетілді

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының 18 ауылы көптен күткен қуанышқа кенелді. Он бір мың тұрғыны бар осы ауылдарға таза ауыз суы жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соның ішінде Есіл ауданындағы қазіргі ең үлкен қазақ ауылы – Тауағаш та қуанышқа кенелгендердің бірі болды. Бұл ауылды Преснов топтық жүйесіне қосу осыдан 3 жыл бұрын шешіліп, ауылдың шетіне ақшаңқан ғимараты да тұрғызылған еді. Алайда су жеткізу кәсіпорнындағы келеңсіздіктер, дау-дамайлар жобаны толық іске асырылмаған. Бұрынғы аудан әкімі талай рет уәде берсе де ауылға су жеткізуді шеше алмаған. Бұл мәселені біз талай рет жаздық та. Енді сол мәселе шешіліп, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өзі ауылға барып, су жеткізу жүйесін өз қолымен ашты. 

«Бүгін Жамбыл, Есіл және Мамлют аудандарында 11 мың тұрғыны бар 18 ауылға су келді. Преснов топтық су құбырының екінші кезеңі іске қосылды. 8 елді мекенге тарату желілерін жүргіздік», деп жазды өңір әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал келесі кезеңде - Преснов топтық су жүйесіне 15 ауыл қосылады, онда 20 мың адам тұрады. Жоба 2 кезеңге бөлінген: біріншісі бойынша жыл соңына дейін 7 ауыл қосылады. Екінші кезеңде қалған ауылдарға 2022 жылдың аяғына дейін тартылады.

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың ІІ Кешенді жоспарының игілігін ауыл тұрғындары осылай көріп жатыр.  Бұл ауылдықтардың көңіл-күйін көтеріп, өмір сүруге құштарлықтарын арттырары сөзсіз.

Биыл сумен жабдықтауға бөлінген сома екі есеге өсіп, 11,4 млрд теңгеге жеткен. Бөлінген қаржыға 49 ауылды сумен қамтылмақ. Бұл 3 мыңнан аса отбасы үйлеріне су тартады деген сөз. Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарының 83,5% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Кешенді жоспардың арқасында 2025 жылға дейін 78 ауыл су жүйесіне қосылып, ауыл тұрғындарын қамтамасыз ету - 100% болады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы