Токио Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлерін ынталандыру ережесі белгілі болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, Олимпиадада жеңіске жеткен спортшылар мен олардың бапкерлеріне арналған сыйақы беру туралы ережелер қабылданған.
Аталған құжат бойынша бірінші орын алған спортшы мен бапкерге 250 мың доллардан сыйақы беріледі. Бапкерге тағайындалған сыйақының 10%-ы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге, 80%-ы пайызы спортшыны дайындаған бапкерге, қалған 10%-ы осы спорт түрінің бас бапкеріне беріледі.
Дәл осындай ережемен екінші орынға – 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар сыйақы тағайындалады.