Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Дипломатия қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бірқатар халықаралық ұйымдардардың басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен дипломатиялық дәрежелер табыс етілді.
Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов — Төтенше және Өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесін, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесін иеленді.