2 шілде күні облыс орталығында екі оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
- Полицияның жедел мәліметінде бірден екі жазатайым оқиға тіркелді. Мәселен, 2 шілде күні сағат 01.40-та Павлодар қаласындағы акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 62 жастағы газ дәнекерлеуші өндірістік жұмыстарды орындау кезінде биіктігі 5 метр краннан құлап кеткен. Салдарынан жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сол күні сағат 14.10-да акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 26 жастағы слесарь монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде денесін күйік шалып, ауруханаға түсті.