• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Шілде, 2021

Жапонияда көшкіннен 20 адам жоғалып кетті

243 рет
көрсетілді

Сенбі күні Жапонияның Сидзуока префектурасындағы Атами қаласында көшкін жүріп, 20-ға жуық адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді. Жергілікті билік Өзін-өзі қорғау күштерінен көмек сұрады. Жапонияның орталық және шығыс аймақтарында бірнеше күн бойы нөсер жауын тоқтаусыз жауып жатыр. 

Өткен екі тәулікте елдің жекелеген аудандарында 400-ден 600 мм дейін жауын-шашын жауған.