• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2021

Алматыда күннің ыстығынан жолдағы бетон плиталар көтеріліп кетті

345 рет
көрсетілді

Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кеткен. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар қайта көтерілгені туралы ескерту айтылған видеолар тарап жатыр.

«Шелек жақтан келе жатсаңыз Маловодноеға жетпей бетондар қайта көтеріліп кеткен. Абай болыңдар, жігіттер», дейді видео авторы.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2021 жылы 2 шілдеде «Алматы-Қорғас» (Бәйдібек Би кенті ауданында) автомобиль жолының ақылы учаскесінің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кеткен. 

«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды. Осы учаскедегі ақау жедел жойылды.

«ҚазАвтоЖол» уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді», деді компания өкілдері.