• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Шілде, 2021

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті

615 рет
көрсетілді

Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Елорда күніне орай Тәуелсіздік құрдастарымен онлайн-кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz. 

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бастамаларды ілгерілетуге және іске асыруға тарту жоспарланғанын атап өтті.

Іс-шараға «Болашақ» Халықаралық стипендиясының түлектері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, сондай-ақ голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждау жобасының жетекшісі А.Орынбаева, спорттық-бал биінің педагогы Е.Моисеев және басқалар қатысты.

Қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Тәуелсіздігінің нышанына айналғанын айтты. Сондай-ақ астананың дамуы жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашқанын алға тартты.