Канададағы Британдық Колумбия провинциясында өткен аптада бұрын-соңды болмаған ыстықтың салдарынан 700-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz провинцияның бас соты Лиза Лапуинтенің сөзіне сілтеме жасап.
«25 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық аура райы салдарынан 719 адам қаза болды», деді ол.
Рекордтық температура Литтон қаласында тіркелді. Тіпті онда аптап ыстықтан барлық үйлер өртеніп кетті. Қала жер бетінен жойылды.
Ауаның жоғары температурасынан туындаған орман өрті 30 маусымда бүкіл қаланы шарпып, мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
АҚШ-та да ыстық ауа райының әсерінен адамдар зардап шеккен. Вашингтон мен Орегон штаттарында 25 маусымнан бері аптап ыстықтан 79 адам қайтыс болды.