• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 03 Шілде, 2021

Әнуар Ахметжанов вице-министр қызметінен босатылды

360 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Джонс Хопкинс Университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚМУ экономика және сыртқы экономикалық қызмет оқытушысы қызметінен бастаған. 

Әр жылдары «Қазақойл», «ҚазМұнайТеңіз», «ҚазМұнайГаз» компанияларында жұмыс істеді, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

2016 жылдан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.