Қазгидромет 4 шілде күні де аптап ыстық болатынын айтып, бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұр-Сұлтанда ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, күндіз + 34 +36, түнде +20 +22 градус болады.
Алматыда күндіз +35 +37 градус, түнде +21 +23 градус, жауын-шашын болмайды.
Шығыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады. Болжам бойынша, ауа температурасы 37 градусқа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей аудандарда 37 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар ауданында найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.
Қызылорда облысында ауа температурасы 45 градусқа дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.
Атырау облысында 41 градусқа дейін ыстық сақталады.