• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Шілде, 2021

Атырауда тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды

635 рет
көрсетілді

Мұнайлы шаһар іргесіндегі Тасқала елді мекенінде тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды. Ал, 12 жасар жасөспірім жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметініен мәлім еткендей, өрт 2 шілдеде сағат 19:30-да болған.

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жеке иеліктегі тұрғын үйдің ас дайындау бөлмесінде газ-ауа қоспасының жиналуынан өрт шыққанын анықтады. Өрт сағат 20:00-де сөндірілді. Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 12 қызеткер мен үш техника жұмылдырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан оқиға орнында 1972 жылы туған әйел көз жұмды. Ал, 2009 жылы туған жасөспірім 85% термиялық күйікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

«Өрттің шығу себебі – газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының  бұзылуы. Отбасының басқа мүшелерінің айтуынша, өздері газ плитасын газ желісіне арнайы мамандардың қатысуынсыз жалғаған. Бұл – газ және жылыту құрылғыларын пайдалану ережелерін өрескел бұзу» деп мәлім етті баспасөз қызметінен.