• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Шілде, 2021

Ақтөбеде мектеп оқушысы суға батып кетті

362 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Ор өзеніне мектеп оқушысы батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті. Хабарлама ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. «Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған.

Су айдындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Табиғи және жасанды су айдындарында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек», деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов. Жыл басынан бері Ақтөбе облысының су қоймаларында 4 бала суға батып кетті.