• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2021

Ақтауда елорда күніне орай жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

215 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және астана күніне орай жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

7,9 және 12 қабаттан тұратын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Салтанатты шараға қатысқан Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баспаналы болған тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.

«Мемлекет қолдауының нәтижесінде баспаналы болып, қоныс тойын тойлайтындар саны артып келеді. Өткен аптада Ақтауда 216 отбасы жаңа үйге кіріп, қуанышқа кенелген еді. Міне бүгін Астана күні қарсаңында тағы бір топ тұрғынға пәтер кілтін табыстадық. Мерекемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін», деді қала әкімі.