• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2021

Алматыда мүгедек балаларды емдейтін иппотерапия жобасы іске қосылды

266 рет
көрсетілді

Жоба мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың аутистік спектрдегі мүгедек балаларға арналған мекемелер санын ұлғайту туралы тапсырмасына сәйкес, Тұңғыш Президент Н. Назарбаев қорының «Қамқорлық» жобасы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі дейін Алматыда иппотерапия ақылы түрде қызмет көрсететін еді. Бұл кейбір алматылықтар  үшін қолжетімсіз болатын. Енді қалалық бюджет есебінен жылына 100-ге жуық бала ем алуға мүмкіндік алды.

Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қоры «Қамқорлық» жобасы аясында мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың аутистік спектрдегі мүгедек балаларға арналған мекемелер санын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Nur Otan партиясының «Өзгеру жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау үшін Алматыда «Иппотерапия» мен «Ат спорты» жобасының ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Астана күніне арналды.

Жоба психоневрологиялық аурулары, ақыл-ой кемістігі, тірек-қимыл аппараты бұзылған, соның ішінде БЦП, Даун синдромы, аутизм спектрі бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды қолдау мен емдеуге бағытталған.

«Иппотерапия» әдісі алғаш рет 1992 жылы АҚШ-та американдық иппотерапия қауымдастығының құрылуымен тұспа-тұс келді. Бұл бірегей әрі жаңашыл жоба. Жоба аясында мүгедектігі бар балаларды аурудың ерте кезеңдерінде сәтті емдеуге болады.

Жобаны Paralympic Sports Association қоғамдық қоры Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырып отыр.