• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 06 Шілде, 2021

Дворцевойлық ұстанымдар

260 рет
көрсетілді

Кино әлемінде ерекше көз­қарас тудырған «Ай­ка», «Тюльпан» фильм­­­дерінің режиссері, Ха­­лықаралық Канн кино фес­тивалінің екі дүр­кін лауреаты Сергей Двор­цевой Музыкалық жас кө­рермен театрының әртістерімен кездесіп, мас­тер-класс өткізді.

Қазір Ресейде (Шымкент өңі­рінде дү­ниеге келген) тұратын режиссер әртістерге ше­берлігін бөлісіп, кино түсірудегі «двор­цевойлық» ұстанымдарын айтты. Мәселен, ол кинокартинадағы әр мезгілді, әр кезеңді күтеді. Қар керек болса, қысты күтеді. Сондай-ақ актерлердің дайын болған уақытында ғана киноға кіріседі. Осы талаптар үшін де «Айка» фильмін алты жыл түсірген болар...

Дворцевой актерлерге сце­нарийді то­лығымен бермейді. Актрисаның өз ішінен туындайтын сәттер – киноның шынайы болуына әсер етеді. Кейде, тіпті соңында сценарий де өзгеріп кетуі мүмкін.

Театр актрисасы Гүлдана Әб­дісадықова лекциядан ал­ған әсерін бөлісіп, Двор­це­войдың артықшылықтарын атап өтті. «Басқа режиссерлермен са­лыстырғанда кезең бойынша түсіретіні ұнады. Өйткені бұл дегеніңіз, ең алдымен жүйе­лілік. Уақытын сондықтан да ұзақ алған. Мәселен, «Театрда қан­шама образдар, рөлдерді жасай алуыңа мүмкіндігің бар. Гриммен, киіммен келтіре аласың. Ал кинода ондай емес. Кинода саған келетін рөлдер болады. Кейде келмейтіндері де болады. Ол адамның мотивация­сын, жандүниесін көруге болады. Ол камера алдында детальды жұмыстармен жұмыс істейді. Мысалы, камера алдында көзіңді жұмып қалғаның, қолыңмен көзіңді, бетіңді ұстағандардың барлығы бір мағына береді. Ал театрда көзіңді жұмған сәттер көрінбей қалуы мүмкін, өйткені оның кеңістігі үлкен. Ал кәсіби актерлер қайда болса да ой­най алады. Актер театрда кө­рерменмен энергия алмасады һәм олардан қабылдайды, ал кинода тікелей көрермендерің бол­маған соң ондай энергияны өзің жасап, өзіңмен өзің өмір сү­ресің», дейді Дворцевой», деп ре­жиссер әртістердің өнерін де та­машалағанын айтты.