Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмінен алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы тамаша фильм үшін Оливер Стоун, Игорь Лопатенок, Игорь Кобзев, композитор Карло мырзаларға, бүкіл түсірілім тобына, осы жобаға атсалысқан әрбір адамға өз атымнан, Мәдениет және спорт министрлігінің атынан айрықша алғыс айтқым келеді», дейді министр.
Оның айтуынша, бұл - Тұңғыш Президент туралы түсірілетін соңғы фильм емес. «Елбасының тұлғасы туралы әлі талай фильм түсіріледі деп ойлаймын, көптеген кітаптар жазылады. Оливер Стоун мырза айтқандай, әлем көшбасшысы – бұл біздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы тұлғасының ауқымын тану арқылы, тәуелсіздігімізге 30 жыл толғанын мақтан тұтамыз», деген Ақтоты Раымқұлова Елбасының тәуелсіздік жолындағы еңбегіне де тоқталды.
«Біз өте бақытты халықпыз, осындай әдемі жерде өмір сүріп жатырмыз. Біз – ұлы тарихтың, ұлы мәдениеттің мұрагерлеріміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет басында болып, бізге тәуелсіздік әкелді», деді Мәдениет және спорт министрі.