Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Перуджа (Италия) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік рейтингте 325-орында тұрған Т.Скатов әуелі аталмыш жарыстың іріктеу сайыстарын сәтті өткізіп, сосын негізгі додаға қосылды. Ол алғашқы айналымда әлемнің 228-ракеткасы, италиялық Лоренцо Густиномен кездесті.
Тартысты матчта қазақстандық теннисші 1:6, 7:6 (7:5), 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 2 сағат 33 минутқа созылды. Т.Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 193-ракеткасы, аргентиналық Ренцо Оливомен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко рейтингте 369-сатыдағы италиялық Флавио Коболлидан 6:2, 5:7, 6:7 (3:7) есебімен ұтылып қалды.
Бұл ойын үш сағатқа жуық уақытқа созылды.