• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Шілде, 2021

Найзағай, бұршақ, дауыл: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

1169 рет
көрсетілді

7 шілдеде республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр болжанады. Солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, желдің күші - 15-20 м/с. Қостанай облысында желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында найзағай ойнап, Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауылболып, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Ал Қызылорда облысының басым бөлігінде өте қатты ыстық сакталады. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық әлі де жалғасады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.