6 шілде – Елорда күніне орай Үржар ауданында балабақша мен спорттық нысандар ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мақаншы ауылында жастардың спортпен шұғылдануына арналған спорт модулі бой көтерді. Сондай-ақ, Үржар ауылында заманауи үлгіде салынған, ауыл тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануына арналған жүзу бассейні ашылды. Бассейн ауыл тұрғындары мен жастары үшін спортпен шұғылдануға таптырмас орын.
Бұдан бөлек, Елорда күніне орай Мақаншы ауылында салтанатты түрде 128 орындық балабақша ашылды. Нысанға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, заманауи талаптарға сай жасалды.
Сонымен қатар, Үржар ауданының білім мекемелеріне шағын ауылдардан балаларды тасымалдау үшін 4 автобус табысталды.