• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Алматы ХҚО-лары тағы да бронмен қабылдайтын болды

189 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 07 шілдеден бастап Алматы қаласындағы ХҚО-лар азаматтарды қайтадан тек алдын ала брон арқылы қабылдайды. Сондай-ақ ХҚО қызметкерлері клиенттердің мәртебесін Ashyq қосымшасы арқылы тексереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша санитарлық-профилактикалық шараларды күшейту тәртібін сақтай отырып, ХҚО-ларда жұмыс күндері және сенбі күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленген.

­- ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграмм-боты мен egovmobile мобильді қосымшасы арқылы брондауға болады. Барлық клиенттен санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз, ­- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

 

АЛМАТЫ