6 шілде күні елорданың мониторингтік топтары 10 мекемеде карантин талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Алматы ауданының мониторингтік топтары «Aisa» барында, «Oasis» кафесінде және «В9» компьютерлік клубында жұмыс режимі бұзылғанын анықтады.
Сондай-ақ Сарыарқа ауданында орналасқан «Sreda» кафесі сағат 22:00-ден кейін де жұмысын тоқтатпаған. Мекеме қызметкерлері бетперде, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамағаны белгілі болды.
Сол сияқты Байқоңыр ауданындағы «Мята» лаундж-бары да белгіленген режимді сақтаған жоқ.
Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған тағы 5 қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында «Какие люди» ресто-бары, «Мост», «Мята» мейрамханалары, «Legends pub» бары, «Woklagman» фастфуд орны бар.
Карантин талаптарын бұзғандарға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.