• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Атырауда Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2125 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Ерлан Ермаханбетов Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ерлан Мейрамханұлы Шымкент қаласының тумасы. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен бітірген. Сондай-ақ экономикалық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы ОҚММА-ның маманы қызметінен бастаған. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің оқу-клиникалық базасында жастар ісі секторының меңгерушісі болған. 2013-2015 жылдары Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы, кейіннен бөлім басшысы лауазымын атқарған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде 2015 жылдан бері жұмыс істейді. 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы, 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас сарапшысы, бас консультанты болған.

2019 жылдан бері осы лауазымға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымын атқарып келді.