• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Шілде, 2021

Вакцинадан бас тартқаны үшін жұмыстан шеттетілді

1701 рет
көрсетілді

Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйінің тәрбиешісі 3 шілдеден бастап вакцинациядан бас тартып, ПТР-тест ұсынбағаны үшін жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балалар үйінің қызметкерлерімен вакцинация немесе ПТР-анықтама беру қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді. 93 қызметкердің төртеуі тұрақты медициналық қарсы көрсетілімге ие, бір тәрбиеші вакцинациядан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш беріп, ПТР-тест ұсынудан бас тартты. Осыған байланысты 3 шілдеден бастап тәрбиеші жұмыстан шеттетілді», деп түсіндірді ведомствода.

Ұйымның қалған қызметкерлері вакцинациядан өткендігі атап өтілді.

Елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кейбір ұйымдардың жұмыс берушілері бірінші компонентпен вакцинациялауды 15 шілдеге дейін жүргізуге міндетті. 15 шілдеден кейін ғана мониторингтік топтар ұйымдарды іріктеп тексеруді бастап, бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұл санкцияларын қолдануы тиіс.

Вакцинацияланбаған қызметкерлерге жеті күнде бір рет ПТР-тестілеуден өту міндеттелді.