• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Шілде, 2021

Түркиялық журнал толық санын Түркістан қаласына арнады

366 рет
көрсетілді

Түркияның танымал  «Йерлі Дүшүндже»( Yerli Düşünce) журналы толық санын Түркістан қаласына арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басылым  «Яссауи жолының сыры, Түркі әлемінің жүрегі  - Түркістан» атымен жарық көрді.  128 беттен тұратын журналға Түркия президентінің Бас кеңесшісі  Ялчын Топчының, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымыныңы Бас  хатшысы  Дүйсен  Қасейіновтың, ҚР Түркиядағы елшісі  Абзал Сапарбекұлының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың және  түркиялық белгілі ғалымдардың мақалалары  мен сұхбаттары топтастырылған.

Түркі  әлемінің  зиялылары Түркістан қаласының өткені мен бүгіні және болашағы жайында сыр шерткен. Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің  зерттеушісі Фатма Сөнмез Түркиядан арнайы киелі Түркістанға барып, қасиетті жерлерін аралап көлемді мақала  жазған.