• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтандағы Амфитеатрда бес елдің танымал әртістері өнер көрсетті

190 рет
көрсетілді

Елорда күнін мерекелеуге орай 5 және 6 шілде күндері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры қала тұрғындары мен қонақтарына музыкалық сый жасады. Олар екі күн қатарынан «Дон Паскуале» операсы мен гала-концерт өткізді. Оған отандық әртістер де, бес елдің халықаралық деңгейдегі шетелдік орындаушылары да қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Концерттерді елорда әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. 

Сонымен көрермендер Гаэтано Доницеттидің екі актілі «Дон Паскуале» операсын тегін тамашалады.

Қойылымның басты партияларын қойғандар:

Норина – Либуше Санторисова (Чехия);

Эрнесто – Эцуо Дои (Жапония);

Малатеста – Алексей Шаповалов (Ресей);

Дон Паскуале – Антуан Бернхейм (Швейцария); 

Карлито – Ерұлан Камел орындады. 

Дирижер — Коррадо Вальво (Италия).

«Халықаралық деңгейдегі, аса талантты әншілермен алғаш рет жұмыс істеп отырмын. Мұндай қойылымдарда, әсіресе ашық далада әншілер мен оркестр арасында дұрыс тепе-теңдікті табу қиын», деп маэстро Коррадо Вальво (Италия) өз әсерімен бөлісті. 

Айта кетейік, әртістер келесі күні халықаралық құраммен бірге амфитеатрда Гала-концерт қойды. Сахнада танымал опералық ариялар мен дуэттер, қазақстандық авторлар мен батыс еуропалық классик-композиторлардың аспаптық және хор шығармалары орындалды. 

Бағдарламаны ұйымдастырушылар санитарлық талаптар мен нормалардың сақталуын қатаң қадағалады. Көрермендер стендтерге тек бетперде тағып, Ashyq жүйесі арқылы кіргізілді.