Ұлыбритания астанасы Лондонда үшінші рет өткізілген ECG кинофестивалінің қорытындысы жарияланды.
Еуразия елдерінің кино сайысында Ұлыбритания, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Қазақстан, Франция, Португалия, Қытай және Түркия мемлекетінен 46 фильм көрсетілді.Қазақстандық Мақсұт Сәрсембаев пен Мансұр Сәрсембаевтың Hacked Future («Бүлінген болашақ») атты фильмі «Үздік сценарий» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ал Ділшат Рахматулиннің «Қоңыр қаз» (Despair) туындысы «Үздік анимациялық фильм» атанды. Тағы бір қазақстандық кинотуынды – Baluan Sholak – құрмет дипломымен марапатталды.