• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Футбол 08 Шілде, 2021

«Қайрат» сырт алаңда «Маккабимен» тең ойнады

130 рет
көрсетілді

«Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде израильдік «Маккаби Хайфамен» тең ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz aladop.kz порталына сілтеме жасап.

Хайфадағы «Сэмми Офер» стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. 

Алаң иелері 45-минутта есеп ашты. «Қайрат» командасының екі қорғаушысын алдап өткен Омер Ацили гол соқты. Ал алматылық клуб 76-минутта Нұралы Әліптің голымен жауап берді. Небойша Косович бұрыштамадан пас асырған еді, қазақстандық қорғаушы допты басымен қақпаға дәл бағыттады.

Матч соңына дейін «Қайрат» жеңісті жұлып алуы мүмкін еді, бірақ ойыншыларға шабуылдың соңғы кезеңінде сәл сәттілік жетіспеді.