Баянауыл ауданында екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 15:30-да Баянауыл ауданы Қаражар ауылында үйдің ауласында 2019 жылы туған бала «МТЗ-82» тракторының салонынан жерге құлап түскен.
- Сәби ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай, алған жарақатынан есін жимастан көз жұмды. Кәмелетке толмаған балаларды бірнеше секундқа да қараусыз қалдырмаңыз. Балаға бір жерге көтерілуге немесе жүгіруге 10-20 секунд жеткілікті. Әсіресе кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар, - делінген хабарламада.
Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды.