• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2021

Ақтөбедегі Жылқышылар қауымдастығы мал азығын тегін таратпақ

489 рет
көрсетілді

Ақтөбелік шаруалар бірігіп, қуаңшылыққа тап болған маңғыстаулықтарға мал азығын тегін тарататын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбедегі Жылқышылар қауымдастығы маңғыстаулықтарға 1370 орама мен 1 мың тай шөп дайындады. 

«Шыңғыс», «Жансая», «Қайсар», «Әділбек», «Айжарық», «Алақозы», «Көкүй», «Арман-М», «Нұр» секілді бірнеше шаруалықтар біріккен.

«Өз тарапымыздан көмек көрсетудің екі жолын ұсындық. Дайын мал азығын адамдар өздері алып кетсет болады. Ол кезде біз бәрін тегін тиеп береміз. Өздері әкете алмайтын шаруаларға жем-шөпті өзіміз жеткізіп береміз. Ал олар, өз кезегінде, Ақтөбедегі шөп құнын төлейді. Сонымен қатар, көмекке аса мұқтаж отбасыларға тегін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бұның қиындығы - халық арасында талас тууы мүмкін. Қалай десек те, біз осы арқылы маңғыстаулықтарды қиындықта қолдайтынымызды, тығырықтан шығар жолды бірге іздейтінімізді көрсетеміз. Ел басына қиын күн туғанда бірігу қажет. Ұсынысымызды көбісі қолдады», деді «Жантізер» ШҚ басшысы Бақытжан Ержанов.

Қазіргі кезде ауа райына байланысты тасымалдау жұмыстары уақытша қиындық көруде.

«Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен тіркелей байланыс орнаттық. Шөп алуға келгендердің нағыз сол жақтың тұрғыны екенін алдын ала анықтап аламыз», деді Бақытжан Ержанов.