Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны көбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 43 науқас түскен.
«Өңірдегі инфекцияық стационарларда 642 адам ем қабылдауда. Жүктеме –26,4%. Ал, жансақтау бөлімінде 43 пациент жатыр. Оның 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 39,8% құрайды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.