• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2021

Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

155 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

Естеріңізге сала кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде режимін сақтау міндет болып саналады.

Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.