Атырау облысында бір күнде 3 769 адам вакцина салдырған, деп хабапрлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1 ақпан - 7 шілде аралығында «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырғандар саны 104 722 адамға жетіп отыр. Ал, 56 196 атыраулық вакциналардың II компонентін алған.
«Ал, 7 шілдеде жергілікті 3 769 жергілікті тұрғын қауіпті вирусқа қарсы вакциналардың I компонентін ерікті түрде салдырды. Оның ішінде 304 педагог, 163 дәрігер, 77 студент, 51 мемлекеттік қызметші, жабық мекемелердің 32, құқық қорғау органдарының 17 қызметкері бар. Сондай-ақ созылмалы ауруы бар 427 пациент пен 2 698 жергілікті тұрғын вакцина салдырды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.