• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Шілде, 2021

Қазақстанда вакцинадан кейін де вирус жұқтырғандар көбейді

2592 рет
көрсетілді

Екі мыңнан астам қазақстандық вакцина алғаннан кейін коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша вакцина алғаннан кейін 2 212 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Соның ішінде бірінші компонеттен кейін 1 308 жағдай, екінші компоненттен кейін 904 жағдай анықталды», деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ ол аталған статистиканы вакциналардың түріне бөліп айтып берді.

«Вакциналарға жіктеп айтсақ, «Спутник V» бойынша 2 024 жағдай анықталды. Бірінші компонент – 1 190, екінші компонент – 834. QazVac бойынша 40 жағдай тіркелді. Сәйкесінше, 21 және 19. Hayat-Vax бойынша 140 (89/51) және CoronaVac бойынша 6 адам бірінші дозадан кейін коронавирус жұқтырған. Осының бәрін қоссаңыз 2 212 жағдай шығады. Бірақ бұл мәліметті абсолютті сандар көлемінде қолдану дұрыс емес деп ойлаймын. Бүгінде бізде 4 миллионға жуық адам екпе алған. Соның 0,05 пайызы вакцина алғаннан кейін ауырған деген сөз», деді Айжан Есмағамбетова.