• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Шілде, 2021

Есіл өзенінде тазарту жұмыстары жүргізілуде

555 рет
көрсетілді

Елорданың коммуналдық қызметтері Есіл өзені мен оның салалары – Ақбұлақ және Сарыбұлақ су айдынын тазарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Есіл өзенінің аумағы мен оның салалары – Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарының айдынын, жағасын тазарту жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Бригада жұмысшылары өзенді түрлі қоқыстардан, артық өсімдіктерден тазартады», деді қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының бөлім басшысы Жігер Саттарова.

«Астана су арнасы» МКК Есіл өзенінің арнасы – Ақбұлаққа сорғы-сүзгі станциясынан шайынды су ағызатынын айтты. Мамандар бұл су таза және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз екенін мәлім етті.

«Астана су арнасы» МКК сорғы-сүзу станциясы Экология департаментінен эмиссияға және бассейндік инспекциясының рұқсаты бойынша Ақбұлақ өзеніне шайынды су ағызады. Суды ағызу белгіленген норматив бойынша жүргізіледі. Маусым айында Экология департаменті су сынамаларын жүргізіп, жоспардан тыс тексерді, оның негізінде белгіленген нормадан асып кету анықталған жоқ», деп түсіндірді «Астана су арнасы» МКК сорғы-сүзу станциясының жетекші инженер-технологы Татьяна Смолкова.

«Астана су арнасы» МКК мәліметі бойынша Ақбұлақ өзеніне сорғы-сүзу станциясынан ағызылатын су жағымсыз иіс тудырмайды. Керісінше, бұл су таза әрі қауіпсіз болып есептеледі.

«Астана су арнасы» МКК кәріз-тазарту құрылғылары Көктал және Талапкер тұрғын алаптарының арасында, яғни Есіл өзенінің қаладан тыс ағысына қарай ағызылады. Ал тазартылған судың сапасы нормативке сәйкес келеді», деп хабарлады «Астана су арнасы» МКК бас инженер-технологы Фируза Алдынғұрова.

Кәсіпорын 10 күн сайын ағызылатын судың сапасына қатаң бақылау жүргізіп отырады.

Қаланың нөсер кәрізін тазарту бойынша «Elorda Eco System» кәсіпорны жүйелі жұмыс атқаруда. Оған күн сайын 25-тен астам арнайы техника мен 80-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылады.