• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Шілде, 2021

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирде тамаша нәтиже көрсетті

141 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Перуджа челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік рейтингіде 325-орында тұрған қазақстандық спортшы Тимофей Скатов ойынның екінші айналымында осы доданың 8-ші ракеткасы, аргентиналық Ренцо Оливомен күш сынасып, жеңіске жетті.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде Тимофей эйс жасамаса да, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейк (6 брейк-пойнт) жасай алды. Нәтижесінде, жиырма жастағы Тимофей Скатов 7:5, 7:5 есебімен алға озып шықты.

Қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 301-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен таласатын болады.

Айта кетсек, жас теннисші елордада халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.