Токиодағы Олимпиада ойындары-2020 жарысына көрермендер жіберілмейді. Бұл туралы осы жарысты өткізуге жауапты жапон министрі Тамае Марукава мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
8 шілдеде Жапония астанасында тамыз айының аяғына дейін созылатын төтенше жағдай режимі енгізілді. Бастапқыда пандемияға байланысты Олимпиада ойындарына шетелдік жанкүйерлерді жібермеуге шешім қабылданған болатын. Енді жарысқа жергілікті көрермендер де келе алмайды. Токиодағы барлық жарыс, салтанатты шаралар, Олимпиаданың ашылуы мен жабылуы көрерменсіз өтеді.
«Токиода, Канагавада, Сайтамада және Тибада жарысқа көрермендерді жібермеу туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде Мияги, Фукусима және Сидзуока префектураларында 10 мың адамға дейін рұқсат етілген және адамдар саны нысандар толымдылығының 50 пайызынан аспауы тиіс», деді Марукава.
Еске сала кетейік, Токио Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.