Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қақтығыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қырғызстандық Кабар агенттігінің мәліметінше, 8 шілде күні 17.00 кезінде мемлекеттік шекарада Қырғызстан мен Тәжікстан шекара қызметінің әскерилері арасында атыс болған.
«Қырғыз шекара жасағы Баткен облысы Ләйлек ауданы Наумина асуындағы мемлекеттік шекарада қызметін атқарып жүрген. Тиісті бағытпен келе жатқанда, Чашмагильдан асуында оларға аяқ астынан тәжік шекарашылары шабуыл жасаған. Екі елдің әскерилері арасында атыс болған», делінген ҚР шекара қызметі таратқан хабарламада.