• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Шілде, 2021

Джо Байден АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылатын күнін хабарлады

291 рет
көрсетілді

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери миссиясы 31 тамызда аяқталатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Біздің Ауғанстандағы миссиямыз 31 тамызда аяқталады», деді америкалық көшбасшы баспасөз мәслихаты барысында. 

Ақ үйдің басшысы Ауғанстан армиясының тәліптерге сәтті қарсы тұруға қабілетті екеніне сенім білдірді. 

Сондай-ақ Президент АҚШ әскерлері шығарылғаннан кейін «Ауғанстанды біртұтас үкімет басқаруы екіталай» деген ойын білдірді. 

АҚШ Президенті сонымен бірге журналистерге Америка контингентін Ауғанстаннан шығару процесінің егжей-тегжейлері туралы айтты.