Швецияда Эребро қаласының маңында ұшақ апатқа ұшырады. Борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Aftonbladet газеті жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Aftonbladet хабарлауынша, ұшақ ұшып-қону жолағынан бірнеше жүз метр қашықтықта құлап, өртенген. Бортта сегіз адамнан тұратын парашютшілер және ұшқыш болған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері десантшылар мен ұшқыштың қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат берген жоқ.