• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 09 Шілде, 2021

Халық субсидияны ашық әрі адал алуға болатынына сенбейді – Марат Ахметжанов

283 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz. 

М.Ахметжановтың айтуынша, жыл сайын мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді.

«Алайда ол қалай жұмсалып жатыр? Тиісті адамдар алып жатыр ма? Нәтиже бар ма? Базарда картоп, сәбіз бағасы өсіп кетті. Оны қалай түсінуге болады? Мемлекет бөліп жатқан қаржы қайда кетіп жатыр? Субсидия саласында халықты толғандыратын мәселе аз емес», деді ол.

Агенттік төрағасының айтуынша, көбі субсидияны ашық әрі адал алуға болатынына сенбейді. Субсидияға тапсырыс беру қарапайым фермерлер үшін түсініксіз және тым күрделі. Сол себепті халықтың ауылда тұрғысы келмейді деп санайды ол.

«Сондықтан субсидиялар халыққа қаншалықты жетіп жатқанын қадағалау керек. Антикор халықтың жан айқайына құлақ асады. Бұл жұмысқа өзге мемлекеттік органдарды жұмылдырып, осы істің ұйытқысы боламыз. Әрине, біз ауыл шаруашылығы, цифрландыру маманы емеспіз, бірақ қандай тәуекелдер барын ашық көрсетіп, мемлекеттің шара қолдануына алып келуіміз керек», деді Марат Ахметжанов.