• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Зерде Бүгін, 15:42

19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвада өткен білім бәйгесінде топ жарды

30 рет
көрсетілді

Қазақстан оқушылары Еуропаның жаңа білім бәйгесінде топ жарып, ел мерейін асқақтатты. 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет өткен European Mathematical Olympiad халықаралық додасында ұлттық құрама командалық есепте 1-орын иеленді. Беделді білім сайысына 19 елден 21 команда, жалпы 126 оқушы қатысқан, деп жазады Egemen.kz.

Ауқымды олимпиадаға Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина елдерінің дарынды жастары жиналды. Осындай тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасы 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, айқын басымдық танытты.

Бұл нәтиже – еліміздің білім беру жүйесінің сапасы мен жас буынның зияткерлік әлеуетінің жоғары екенін көрсететін маңызды жетістік. Халықаралық деңгейдегі бұл жеңіс Қазақстан оқушыларының математикалық даярлығы мықты екенін тағы бір мәрте айғақтады.

Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды

Жекелей сында абсолют жеңімпаз атанған – Астана қаласындағы Spectrum International School-дың 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел. Сондай-ақ алтын медальді Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Эльдар Усенов пен Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы Эрик Лим иеленді.

Күміс жүлдені Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы Ерасыл Алтынбек пен осы білім ордасының 10-сынып оқушысы Ануар Ағыбаев қанжығасына байлады.

Қазақстандық оқушы Сингапурда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде иеленді

Ұлттық құраманы жарысқа дайындаған жетекшілер – Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті Ярослав Гальберг және Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі Асхат Абдыкулов.

Соңғы жаңалықтар