• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:55

Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

30 рет
көрсетілді

Жақын күндері Астанада ауа температурасының айтарлықтай көтеріледі. Алайда мереке күндері ауа райы күрт өзгеріп, күн күркіреуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 29 сәуір күні күн райы ашық болады. Түнде +2...+4°С жылы, сондай-ақ -1°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +21...+23°С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді.

30 сәуірде күн айтарлықтай жылынады. Түнде +6...+8°С, күндіз +24...+26°С жылы болады деп болжанған.

1 мамыр күні ауа райы құбылмалы болады. Түнде +9...+11°С, күндіз +25...+27°С-қа дейін ыстық болады. Бірақ күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с-қа дейін күшейеді.

Ал Алматы мен Шымкентте ауа райы тұрақты әрі құрғақ болады. Алматыда күндіз +24...+29°С жылы болса, Шымкентте нағыз жазғы аптап орнап, сынап бағанасы +30...+32°С-қа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, бүгін түнде еліміздің бірнеше облысында үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар