• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Сәуір, 2026

Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді

60 рет
көрсетілді

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктеме 35%-ға азайған. Бұл өз кезегінде алдағы уақтты қызметкерлер санын оңтайландыру мәселесін күн тәртібіне шығаруы мүмкін. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет брифингінде жаңа цифрлық сервис – жеке куәлікті онлайн қайта шығару кезіндегі фотосурет мәселесі көтерілді. Көптеген азамат үйден түскен фотоны жүйенің қабылдамайтынына шағымданған. Вице-министр бұл олқылықты мойындап, себебін түсіндірді:

«Қызмет қазір пилоттық форматта жұмыс істеп тұр. Фотосурет сапасын талдайтын жасанды интеллект моделі әлі де оқыту сатысында». 

164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта онлайн өтініштердің тек 50%-ы ғана сәтті өтіп жатыр. Жүйені толық қалыпқа келтіру үшін тағы бірнеше ай қажет болуы мүмкін.

«Қазірдің өзінде 10-ға жуық маңызды мемлекеттік қызмет толық цифрландырылды. ХҚКО операторларына түсетін жүктеме өткен жылмен салыстырғанда 30-35%-ға төмендеді», деді ол.

ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?

Қызметкерлерді қысқарту мәселесіне қатысты Ростислав Коняшкин нақты тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі сәтте қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығару жоспарда жоқ. Егер халықтың ХҚКО-ға бару көрсеткіші азая берсе, мемлекет штатты қысқарту мәселесіне қарастыруы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар