Оқиға 09 Шілде, 2021

Ақсу цехында жұмысшы жарақат алды

225 рет
көрсетілді

Жазатайым оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 8 шілде күні Павлодар облысы Ақсу қаласындағы ЖШС цехында болған. 

- 54 жастағы қызметкер жұмыс істеу кезінде қолын жарақаттап алған. Ер адам «сол қолдың бірінші саусағының дистальды бөлігінің толық емес травматикалық ампутациясы» диагнозымен Ақсу қаласының орталық ауруханасына жүгінді, - дейді департаменттегілер.